Ресей халқы Қазақстанға көңіл айтты
Көршілес Ресей халқы да Абай облысындағы оқиға кезінде көз жұмғандардың қазасына қайғырып көңіл айтуда.
Мәскеу тұрғындары Қазақстан елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Дипломатиялық өкілдікте көк туымыз төмен түсірілді.
Баян Нұрсапарова, Мәскеу тұрғыны:
- Мәскеу тұрғындары атынан көңіл айтамыз. Бұл қайғылы жағдай. Мұндай оқиғалар болашақта қайталанбауы тиіс.
Марина Алексеева, Мәскеу тұрғыны:
- Әрине бұл бәрімізге ортақ қайғы. Жақындарынан айырылған жандарға қайғыра көңіл айтамыз.