Қ.Тоқаев С.Берлусконидің қазасына байланысты Италия премьеріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты премьер-министр Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент  өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.