Сенаторлар Семей орманында қаза тапқандарды еске алды
Сенаторлар "Семей орманында" қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жоғарғы палата төрағасы марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Мәулен Әшімбаев ел Президентінің өңірге барып, қаза тапқандардың отбасыларымен кездесіп, мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетуді, сондай-ақ қайғылы оқиғаның барлық себептерін анықтауды тапсырғанын еске салды. Одан кейін депутаттар 15 маусымда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін белгіледі.