Бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылаудың автоматты жүйесі енгізіледі
Келесі жылдан бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізіледі.
Қадағалауды іске асыратын Smart Data Ukimet платформасы пайдалануға дайын. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Сондай-ақ жиында бизнесті реттеуге қатысты 44 саланың жұмысына талдау жасалғаны айтылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін 10 мыңнан аса талап анықталды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров заңға негізсіз талаптарды жоюға арналған түзету енгізетінін айтты. Жуық арада оны парламентте қаралатын "Бизнесті жүргізу мәселелері туралы" заң жобасына қосу жоспарланып отыр.