Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының жұмысымен танысты

Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы археология институтына барып, жұмысымен танысты.

Мемлекеттік кеңесші институттың жөндеуден өткен зертханаларын, қор сақтау қоймасын, мұрағаты мен кітапханасын көрді. Мұнан кейін ол Археология институтына қатысты арнайы жиын өткізді. Институт директоры Ақан Оңғар мекемедегі түйткілдерді шешу жолдары жайында баяндады. Кездесу соңында Ерлан Қарин Президент тапсырмасын орындауға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты міндет жүктеді. Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ІІ отырысында институт жұмысын жаңғыртып, өз деңгейінде қызмет жасауы үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын.