Тбилисиде Ә.Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті

Тбилисиде Грузияға ресми сапармен барған Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Кейін Әлихан Смайылов пен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибаш-вили Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.