Президентке «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды
Келер жылдан бастап елде жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактиласкопиялық тіркеу қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл - азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Жаңа жоба бүгін Мемлекет басшысына таныстырылды. Құрылғының ең басты ерекшелігі, суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды. Сондай-ақ деректер қорына саусақ ізі енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда, оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.