Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Президентке жекешелендіру бағдарламасын іске асыру жайын баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекет басшысымен кездесуде Нұрлан Жақыпов активтердің құнын көтеру жолдары жайлы мәлімет беріп, Қордың маңызды жобалары мен үміт күтерлік нәтижелерге тоқталды. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдауды арттыру көзделіп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына инвестициялық жобаларды уақытылы орындап, компаниялар қызметінің тиімділігін жетілдіруді тапсырды.