Үкімет Степногорск қаласын дамытудың кешенді жоспарын бекітті

Үкімет Степногорск қаласын дамытудың кешенді жоспарын бекітті

Ел Үкіметі Ақмола облысының индустриялық орталығы  - Степногорск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Құжатқа сәйкес шаһарға алдағы 4 жылда 107 млрд теңге қаражат бөлу жоспарланған. Оның 62 млрд теңгеден астамы жеке инвестициялар болмақ. Бұл ақшаға денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарының құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды қайта жаңғырту, экономиканың нақты секторын, өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамту сынды ұзын-саны 83 шараны іске асыру көзделген. Бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ. Нақтырақ айтқанда, жеке инвестициялар есебінен жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.