Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.

Кездесу барысында президент Аустрия мен Венадағы салалық халықаралық бірлестіктермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттерімен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.