Президент ресми сапармен Вьетнамға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады.
Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.