Анкарада «Бабалар аманаты» жобасының бесінші кітабы таныстырылды
Түркия астанасы Анкарада «Бабалар аманаты» жобасының 5-кітабы таныстырылды.
Туынды Түркия Республикасының 100, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 және, Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығы арналған. Қазақстан елшілігі, ТҮРКСОЙ ұйымы мен, Халықаралық Қонаев қорының ұйыт-қысымен өткен шараға, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері мен басқа да қонақтар қатысты.
Ғабиден Жәкей, халықаралық Қонаев қорының өкілі:
- Кітаптың ішінде шығармашылықпен айналысатын көркем еңбек пәні мұғалімдерінің еңбектері енгізіліп отыр. Бабалар аманаты кітабының 5-жинағы. Қонаев атама жарық көрсе, бұған дейінгі төрт жинақ Ахмет Байтұрсынұлына арналған. Былтыр оның тұсау кесерін Анкарада жасаған едік. Бұған дейін үш кітабымыз Америкада.
Сайт Юсуф, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бас хатшысының орынбасары:
- Қазақстан елшілігімен маңызды шараны атқарып отырмыз. Қазақ үшін маңызды тұлға Дінмұхаммед Қонаев біз үшін маңызды. Бабалар аманаты жобасына енуі қуантарлық жағдай. Құнды еңбек деп білемін.