Депутат Алматыдағы паллиативті орталыққа барды
Өңірлерді аралап жүрген депутат Нұргүл Тау бүгін Алматыдағы Қалалық паллиативтік орталыққа барды.
Мекеме жұмысымен танысып, қызметкерлермен бірге орталықтың шешімін таппай келе жатқан мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, орталықтың ғимараты тозған, мұндай мекемелерге қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейді, күрделі жөндеу жұмыстары қажет. 2016 жылға жоспарланған паллиативтік орталықтың жаңа ғимаратының құрылысы жоба түрінде қалып қойды, дейді депутат. Орталықта өмірінің соңғы күндерін өткеріп жатқан азаматтарға күтім жасап жүрген медицина қызметкерлерінің де жағдайы ойландырады.
Нұргүл Тау, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
- 90 килограм ер азаматты екі медперсоналдың көтепі жатқанын көрсеңіз қалай оны жуындырады, қалай оны дәретханаға апарады, қалай оларға күтім жасайды? Медициналық қызметкерлердің жалақысы өте төмен. Оны барлығымыз білеміз. Ол көңілімде жүрген сұрақтың бірі. Депутаттық сауалымның бірі ретінде осыны көтеремін деп жүрмін алдағы уақытта.