Абай облысында аймақтық азаматтық форум өтті
Абай облысында 500-ге тарта үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.
Олардың бастамаларын қолдауға мемлекет тарапынан жыл сайын 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін Семейде өткен аймақтық азаматтық форумда мәлім болды. Жиында азаматтық қоғамды дамытуға қатысты тың ұсыныстар айтылып, осы саланың үздіктеріне құрмет көрсетілді.
Маңызды тақырыптарды талқыға салатын республикалық азаматтық форум екі жылда бір рет өтеді. Соңғы жылдары дәстүрлі жиын өңірлерде де ұйымдастырыла бастады.
Бану Нұрғазиева, "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ президенті:
- Бұл жерде қарайтын мәселе билік пен азаматтық қоғамның арасындағы, бүгінгі жаңа Қазақстанды құрдық деп жатырмыз. Соның деңгейі қаншалықты, дұрыс па, мүмкін әлі де кедергі бар шығар. Мүмкін жақсы тәжірибелер бар шығар.
Алғаш рет ұйымдастырылған өңірлік форум барысында осы салада белсенді жұмыс істеп жүрген ұйымдар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Майра Әбенова, "Полигон 21" қоғамдық комитетінің мүшесі:
- Ресми түрде тіркелгенімізге бір-ақ жыл болды. Бірақ 2021 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Өте күрделі мәселе көтеріп жатырмыз. Отыз жылда шешілмей жатқан, полигоннан зардап шеккен адамдардың өмірі.
Мадияр Қожахмет, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:
- Қазіргі таңда осы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестік, тығыз ынтымақтастық бағыттарын дамыту үшін өңірле осындай азаматтық форумдар өтіп жатыр.Олардың негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдарды, азаматтық қоғамның белсенді мүшелерімен ой бөлісіп, оларды ңпіркіні мемлекеттің дамуына, жалпы еліміздің дамуына қосар үлестері өте үлкен.
Форум жұмысы диалогтық алаңдарда жалғасты. Айта кетейік, елімізде 22 мыңға тарта үкіметтік емес ұйым бар. Оларды қолдауға жыл сайын барлық мемлекеттік органдардан 24 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Абай облысынан Азамат Қасым, Медет Өмірханов