Respublica партиясының мүшелері Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды
Respublica партиясының мүшелері Павлодар облысында жұмыс сапарымен келді.
Бұл халық қалаулылары аралап жүрген сегізінші өңір. Депутаттар партиялық жұмыс шеңберінде еліміздегі бірегей өндіріс – алюминий зауытының жұмысымен танысты. Басты мақсат – еліміздегі өнеркәсіп нысандарының тыныс-тіршілігін көру, жұмысшылармен кездесу арқылы әлеуметтік, экономикалық мәселелерді анықтау. Әсіресе отандық бизнес, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері тап болған проблемаларды жинақтап, шешу жолдарын қарастыру. Депутаттардың айтуынша, бұл бағыттта әкімшілік кедергілер кездесуі мүмкін. Оларды шешу жолдарын заң жүзінде қарастыру керек. Халық қалаулылары алдымен негізгі проблемалар анықталып, жүйеленеді. Кейін республикалық деңгейде көтеруді жоспарлап отыр.
Динара Шүкіжанова ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:
- Әр аймақтың, әр саланың өз мәселелері бар. Біз әзірге танысып, әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап жүрміз. Осы айдың соңында қорытынды шығарып, шешу жағын қарастырамыз. Сараптама жасаймыз. Кейін депутаттық сауал жолдамақпыз.