«Иерусалим Пост» басылымында Қазақстанның ядролық саясаты туралы мақала жарық көрді
Ядролық қарудың саны 1980 жылдардың ортасында шамамен 65 мың болса, қазір ол 12 мың 500-ге дейін қысқарды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, ядролық державалар үшін үлгі мемлекетке айналды. «Иерусалим Пост» басылымына шыққан мақалада ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров осылай деп жазады. Өңірдегі көршілерімен бірге Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құра білді. Бұл процесті әлемнің басқа аймақтарына да қолдануға болады, дейді автор. Ядролық қару қаупін жою үшін, алдымен, халықаралық қауымдастық ядролық қатердің кез келген әрекетіне қарсы тұруы тиіс. Екіншіден, қару-жарақты бақылау және ядролық арсеналдарды одан әрі қысқарту жөніндегі келіссөздерді қайта бастау қажет.