Қ. Тоқаев бірнеше адамды мемлекеттік қызметке тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен бүгін бірнеше адам мемлекеттік қызметке тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап өтсек, Руслан  Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды. Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі, ал Ержан Жиенбаев Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.