Сенаторлар Жолдауда берілген тапсырмаларға тоқталды
Жолдауда берілген тапсырмалар өзекті.
Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыру жолында азаматтардың жұдырықтай жұмылуы маңызды. Парламент Сенаты ІІ сессиясының жұмысын бастаған Палата Спикері осылай деді. Мәулен Әшімбаев: «Ел Президентінің бастамалары мен реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – депутаттар алдындағы аса жауапты міндет», - деді.
Айта кетейік, Сенаторлар жаз айларында өңірлерге барып, жергілікті халықпен, қоғам өкілдерімен 580-нен астам кездесу өткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тартуға қолайлы бизнес климат қалыптастыруға үлкен мән берілді. Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Енді өз басыма ерекше әсер еткен мәселе – атом электр стансасын шешуге қатытсы референдум арқылы шешілетіні. Бұл – қоғамда үлкен пікірталас болып жүрген тақырып. Мен өзім Түркиядағы Аккую АЭС салыну барысын көріп қайтқан болатынмын. Электр қуатынсыз экономика дамымайды. Сондықтан да осы АЭС қажет пе, қажет емес пе – халықтың қалауын білу үшін референдум қажет деп ойлаймын.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біз қазір саяси реформадан экономикалық реформаға көшіп жатырмыз. Яғни, экономиклаық серпіліс жасайтын уақыт келді. Әрине, қуантатын көптеген жағдай бар. Тиісті 2 министрліктің құрылатыны. Логистика мәселесіне келетін болсақ, бізге қазір нақты логистикалық мәселелерді шешу үшін нақты мемлекеттік оператор қажет. Бұл, әрине, көлік логистикалық министрлігі құрылатыны болашақта.