«AMANAT» партиясы кеңес өткізді
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы партия активімен кеңес өткізді.
Жиында Партия жетекшісі AMANAT Президент Жолдауын жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған жаңа реттеуші құралдарды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға атсалысуды тапсырды. Жолдаудың негізгі бағыттары орталық және облыстық деңгейлердегі «TALQYLAU» және «Bir Tolqynda» диалог алаңдары аясында талқыланады. Енді Партия Кеңестері өз ұсыныстарын дайындауы қажет.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр.