Президент Алматы облысындағы әскери лагерьге барды
«Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиынынан кейін Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен жауынгерлерге сәттілік тілеп, қызметтеріне сенім артты. Президент жастарды жан-жақты қолдайтындығын айтып, Қазақстан әлемде тек бейбітшілікті қалайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз ешкіммен соғысқымыз келмейді. Барлық мемлекеттермен бейбітшілікте болғанымызды қалаймыз. Бұл дипломатияны жүргізіп те жатырмын. Дегенмен біздің армиямыздың жауынгерлік қабілеті жоғары болу керек. Мен бұл оқу-жаттығу жиындарын көру үшін арнайы келдім. Өйткені армиясыз мемлекет болмайды. Біз бейбіт бағытта реформалар жүргізіп, жастарға бар жағдайды жасайтын боламыз.