Қазақстан Италияға экспортты арттыруға дайын
Қазақстан Италияға құны 900 миллион доллардан асатын тауар өнімдерін экспорттауға дайын.
Мұны Премьер-министр, елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары-Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесу барысында айтты.
Италия, еліміздің маңызды әрі ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 55 пайызға артып, шамамен 15 миллиард долларға жеткен.
Кездесу барысында Антонио Таяни, Қазақстанмен сауда, энергетика және өнеркәсіп саласы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға атсалысатынын жеткізді.
Сондай-ақ екі елдің кәсіпорындары арасындағы "Іскерлік кеңес" құруға ниетті екенін айтты.