Ақорда Албания Президентін қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Албания Президенті Байрам Бегайды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.