Жас сарапшылар Жолдау жүктеген жаңа міндеттерді талқылады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиында Президент Жолдауы талқыланды. Атап айқанда, экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика саласын серпілту мәселесі көтерілді. Мәулен Әшімбаев өңірлердің дербестігін арттыруға арналған бастамалардың маңызды екенін айтты. Бұл қадам еліміздің одан әрі теңгерімді дамуына ықпал етеді. Жиында жас сарапшылар да жаңа экономикалық бағдарды іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында кең ауқымды міндеттерді айқындап берді. Нақты тапсырмалар мен міндеттер айтылды. Енді қойылған мақсатқа қалай жетеміз? Осыны жан-жақты талқылауымыз керек. Қай заңға өзгеріс керек? Қай салада жұмысты жеделдетуге міндеттіміз? Осы сұрақтарға тоқталу керек.
Эльмира Отар, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі:
- Қызу талқылау болды, көптеген мәселелер талқыланды. Сарапшылар, жас мамандар өз көзқарастарымен бөлісті. Бұл кездесудің жақсы жағы, бұл жерде практиктер, тәжірибелі мамандар өз идеялармен бөлісіп, қандай нәтижеге келдік.