Аида Балаева ҚХР ұлттар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасымен кездесті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай халық республикасының ұлттар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Пань Юэмен кездесті.
Тараптар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, этносаралық қарым-қатынастарды реттеу саласындағы серіктестікті дамыту перспективаларын қарастырды. Министрлік пен Қытайдың ұлттар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Пань Юэ мырзаның елімізге жұмыс сапары үш күнге жалғасады.