Қазақстан мен Эстония байланысты нығайта түседі

Ақорда

Қазақстан мен Эстония өзара ортақ мүддені көздейтін салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді.

Мұны екі ел президенттері растады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония президенті Алар Кариспен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы эстониялық әріптесіне елдегі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, соның ішінде шетелден инвестиция тартуға және инвесторларды қорғауға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Осыдан соң президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және көпжақты қатынастарды қарастырды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис бір-бірін өз елдеріне арнайы сапармен келуге шақырды.