Сайлау әкімдердің жауапкершілігін күшейтеді
42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімі болуға үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Немесе өзін өзі ұсынушыларға да мүмкіндік бар. Сарапшылардың пайымынша, тікелей сайлау қазақстандықтардың жергілікті деңгейдегі қордаланған мәселелерін шешуге ықпалын арттырады. Бюджет қаржысын игеруді бақылау күшейеді. Жаңадан сайланған әкімнің халық алдындағы жауапкершілігі де бұрынғыдан өзгеше болмақ.
Жанар Санхаева, ҚСЗИ электоралды үдерістерді зерттеу бөлімінің басшысы:
- Аудандық деңгейдегі әкімдерді сайлау тұрғындардың саяси, қоғамдық қатысуын кеңейтуге бағытталған. Аймақтарды басқаруда жергілікті халық пен биліктің бірлескен жауапкершілігі пайда болады. Тұрғындар қандай жетекшіні таңдайтындары үшін жауапты, ал әкім осы электоралды циклға сайлаған халық алдында есеп беруге міндетті болады.