Сарапшы: Орталық Азияға қызығушылық артты
Орталық Азияға қызығушылық артып келеді.
Бұған Нью-Йоркте өткен Ақ үй басшысы Джо Байден мен Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының кездесуі дәлел. Қазақстанның Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмірбаев осындай пікірде. Оның айтуынша, келіссөздер кезінде өзекті мәселелер көтерілген. Тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге қарсы күрес және экономикалық даму түйткілдерін талқылады. Сарапшы Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының саммитінде сөйлеген сөзінде де маңызды мәселелерді көтерді дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев онда Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға шақырған болатын.
Айдар Әміребаев, саяси зерттеулер орталығының директоры:
- Халықаралық қатынастарда жоғары сатыға көтерілуі және біздің аймаққа қызығатын күштер баршылық. Бізде тарихи қатынастар бар. Орта Азияның транспорттық логистикалық қатынастарын дамыту, модернизациялау, қатынастыру мәселесі.