Қазақстан кедергісіз сауданы қолдайды
Кейбір мемлекеттерге қатысты санкциялар жаһандық заңды бұзады.
Алматылық сарапшы Бекнұр Кисиков осындай пікірде. Оның айтуынша, санкциялық қысым жер бетіндегі миллиондаған адамның өмірін қиындатып жіберді. Кері әсері қазірдің өзінде жекелеген елдерге әсер етіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия канцлерімен және осы елдің жетекші компанияларымен кездесуі экономикалық ынтымақтастыққа ықпал етеді, - дейді сарапшы. Бұл қазіргі жағдайда өте өзекті.
Бекнұр Кисиков, сарапшы:
- Қазір, көріп тұрсыз, жан-жақта блок, санкция, соның арқасында тауар да жетіспей жатыр, біз де өзіміздің тауарымызды жеткізе алмай жатырмыз. Сондай сияқты кедергі болып тұр. Соның бәрін бодырмау үшін біздің Президенттің ұсынысын мен қолдаймын. Дүниежүзіндегі саяси көшбасшылар осыны ойлап, талқылап, және болашақта дұрыс ұсыныс жасайды деп ойлаймын.