Елімізге дәрі-дәрмек жеткізу ісі оңтайлануы мүмкін

Ақорда

Елімізге дәрі әкелу рәсімі жеңілдеуі мүмкін.

Берлинде осы бағытта нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды. Президент Bayer компаниясының басқарма мүшесі, фармацевтика бағытының басшысы Штефан Ольрихпен кездесті. Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар, пестицидтер және басқа да биохимиялық заттар өндіру үшін кәсіпорын ашу айрықша маңызға ие деді. Сосын Bayer компаниясының заманауи медициналық өнімдеріне қол жеткізуге, сондай-ақ зертханалар ашуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға Қазақстанның зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.