Үкімет онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспарын бекітті

Премьер-министр Әлихан Смайылов Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027-ші жылдарға арналған кешенді жоспарға қол қойды.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған. Оның аясында әрбір өңірде соңғы үлгідегі қондырғыларды орнату арқылы науқастар,, әлемдік стандарт деңгейінде заманауи сәулелік ем алады. Қажетті дәрі-дәрмектер қолжетімді болады. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді пайдалану да қарастырылған. Ал онкологияға шалдыққан балалар мен олардың заңды өкілдерінің біріне химиотерапияның қарқынды курстарынан өтуі үшін көлік шығындарын өтеу жоспарланып отыр. Жалпы пациенттерді сәулелік емдеумен қамтуды арттыру 53 пайызға жетеді деп күтіледі. Обырдан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 64,5-ке дейін төмендету көзделді.

Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы: 

- Үкімет онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспарын бекітті. Оны іске асыруға 5 жыл ішінде 460 млрд тг астам қаражат жұмсалатын болады. Қажетті дәрілік препараттарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Телемедицина мүмкіндіктері белсенді пайдаланылады. Стационарлық емдеуденг амбулаториялық күтімнің неғұрлым заманауи түрлеріне көшуге баса назар аударылады. Бұл ретте онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардың заңды өкілдерінің біріне химиотерапияның қарқынды курстарынан өті үшін көлік шығындарын өтеу жоспарланып отыр.