Сарапшы: Әкімді сайлау жүйесі әділетті мемлекет құруға жол ашады
Қазақстандағы әкімдерді сайлау жүйесі – әділетті әрі әлеуеті зор мемлекет құрудың бірден бір жолы.
Ресей Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы институтының профессоры Татьяна Иларионова осылай дейді. Оның айтуынша, Ресейдегі жағдай басқаша. Мәселен, соңғы сайлауда орталық сайлау комиссиясы бірнеше саяси қулыққа тап болған. Яғни Воронеж облысында бір округ бойынша сегіз аттас адам сынға түскен. Бұл ел заңына қайшы әрекет саналмаса да, Ресейде осы сынды қулықтарға қарсы ешқандай заң да, шара да қарастырылмаған дейді Татьяна Иларионова. Қазақстан бұл тұрғыда сайлау заңдылығын жетілдірген мемлекет ретінде үлгі екенін алға тартады.
Татьяна Иларионова, РФ президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы институтының профессоры:
- Біздің елдің де сайлау өткізу жағынан 30 жылдық тәжірибесі бар. Меніңше, сайлау науқаны туралы заң күшейтілуі керек. Егер Қазақстан бұл бағытта нақты қадам жасап, үлгі көрсетсе, құба-құп болар еді. Себебі сайлау - әділетті мемлекеттің негізі.