Президент цифрлық кодекс әзірлеуді тапсырды

Жаһан жасанды интелект дәуіріне аяқ басты.

Қазақстан да ауқымды өзгерістерге дайын болуы керек. Диджитл Бринж форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологияның дамуын айқындайтын стратегиялық құжат пен цифрлық кодекс әзірлеуді тапсырды. Ең алдымен, мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салалары түр-ленеді. Мемлекеттік қызмет саласында да пайдаланылады. Енді оны нормативтік тұрғыда реттеу ұсынылып отыр. 120-дан астам ел бұл мәселені шешіп, түрлі заңнамалық акті қабылдап қойды. Президент бізге де құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдету керек деді. Ол озық әлемдік тәжірибеге сай келіп, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеруі қажет.  

(( ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ "ойын ережелерін" қалыптастырған жөн. Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс. Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін ))