Еуропарламент Қазақстанда АЭС салынуын қолдайды

Еуропадағы кей мемлекеттер атом электр станциясын дәстүрлі энергетиканың балама көзі ретінде қарастыра бастады.

Бұл заман талабы. Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша делегациясының вице-президенті Андрис Америкс осындай пікірде. Ол арнамызға берген сұхбатында Қазақстан атом электр станциясын салуға қатысты бастаманы референдумға шығарғаны демократияның айқын көрінісі екенін атап өтті.

Андрис Америкс, Орталық Азия елдерімен ынтымақстық бойынша еуропарламент делегациясы төрағасының орынбасары:

- Бұл өте дұрыс шешім. Атом электр станциясын салып, пайдалану заман талабы. Қазақстан ЕуроОдақтың сутегі бойынша ең басты серіктестерінің бірі. Оны өндіру үшін өте көп электр энергиясы қажет. Ал ол үшін күн, жел немесе атом электр станциясы қажет. Қалай дегенмен атом электр станциясы қазір әлемде басты қуат өндіруші көздің бірі ретінде қарастырылады. Мұнай мен газды ғана қолдану тиімсіз. Сондықтан Біріккен Араб Әмірліктері сынды бірқатар мемлекет қазір осындай нысан салуды талқылап жатыр.