БҰҰ Қазақстанның білім беру саласындағы резолюциясын қабылдады
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі Қазақстанның Білім беру саласындағы бала құқығы туралы қарарын қабылдады.
Оны ұйымға мүше елдер бірауыздан қолдады. Аталған құжат бейбітшілікті насихаттауға, адам құқықтарын құрметтеуге және балалардың білім арқылы бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан құжат жобасын Орталық Азия елдерінің алғашқы аймақтық бастамасы ретінде ұсынған болатын.