Amanat партиясының «111» шұғыл қоңырау қызметі бала құқықтарын қорғауға берілді

Аманаттың «111 байланыс орталығы» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді.

Тиісті меморандумға осы ведомство басшысы Бағдат Мусин, «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қол қойды. Енді шұғыл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» базасында жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, 111 байланыс орталығы 2020 жылы іске қосылған. Осы уақытқа дейін шұғыл қызмет мамандары 50 мыңға жуық отбасына көмек көрсетті.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Мемлекет басшысының биылғы қыркүйекте айтылған жолдауында бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды, зорлық-зомбылықты, буллингке тап болған азаматтарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама жасау бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай 111 Аманат жедел желісі мемлекеттік төтенше жағдайлар бірыңғай қызметінің тізіміне еніп отыр. 111 шұғыл қызметінің іске асуы бойынша Цифрлық министрлікпен және ҚР Балалардың құқын қорғау жөніндегі өкілімен бірлесе меморандумға қол қойып, елге қызмет етуіне бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз.