Президенттердің бейресми жүздесуі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды.
Ресми іс-шара жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы бейресми жағдайда Индонезия, Моңғолия, Өзбекстан президенттерімен, сондай-ақ Мажарстан Премьер-министрі мен Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушысымен жүздесті. Бұдан бөлек, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен көрісті. Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.