Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы артып жатыр
Бүгін елордада Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығын дамытудың жаңа көзі талқыланды.
Симпозиумда сауда, инвестиция, көлік және логистик мәселелерін көтерді. Бұл тарапта Түркия Қазақстанның негізгі серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 55%-ға өсіп, 6 миллиард АҚШ долларын құраған. Осы негізде, біздің тарап түрік әріптестерімізге Абу-Дабимен бірлескен жобаға қатысуды ұсынды. Оның мақсаты – «Құрық» порты арқылы халықаралық Транскаспий көлік бағыты бойынша жүктердің транзитін ілгерілету.
Қайрат Төребаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі
- Бүгінгі таңда осы Түркия мемлекетімен симпозиум өткіздік. Түркия дүниежүзіндегі 19 - үлкен ірі экономика болып саналады. Сондықтан бұл әлуетті толығымен жүзеге асыру үшін біз сауда айналымен арттыруымыз керек. Осы айтып кеткендей, көлік мәселесін шешсек, сауда мәселесі де шешіледі. Жақында біз сараптама жасадық бұл зерттеулер бойынша Қазақстан 115 түрлі тауарды, 800 миллионға дейін тауарды өсіру мүмкіндігіміз бар.