Сарапшы: Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор

Қытай сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңге ресми сапарын оң бағалады.

Көрші елдегі Қоғамдық ғылымдар академиясының профессоры Сюэ Фуци «Бір белдеу – бір жол» бастамасының аясында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Сарапшы бұл бағытта көптеген жобаның, әсіресе көлік инфрақұрылымы мен өндірістік кооперация саласындағы жұмыстардың жемісті болғанын айтады.   

Cюэ Фуци, Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының профессоры:

- Соңғы 10 жылда бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Қытай мен Еуропаны жалғайтын теміржол тасымалы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Бұл тұрғыда Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында маңызды дәлізге айналды.