Президент Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады
Бүгін – Құтқарушы күні. Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен Президент құттықтады.
"Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында.
1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушы күні болып бекітілді. Бүгінде құтқарушылар арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәттерде құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі.