Қ.Тоқаев Аустрия халқын құттықтады
Мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Республиканың Ұлттық күнімен құттықтап жеделхат жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта: «Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастықтығы алдағы уақытта нығаятынына кәміл сенемін»,- деді. Президент Аустрия президентінің аса жауапты қызметіне табыс, халқына құт-береке тіледі.