Ә. Смайылов В. Орбанмен кездесті
Қазақстан Мажарстан арасында сауда-саттықтың қарқынын арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар.
Ел премьері Әлихан Смайылов мажарстандық әріптесі Виктор Орбанмен келіссөз барысында осылай деді. Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов инвестициялық ынтымақтастық бағытында жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғанын да атап өтті. Виктор Орбан өз кезегінде екі арадағы саяси байланыстар жақсы дамығанын, енді экономикалық серіктестікті тереңдетуге көбірек көңіл бөлу керектігін жеткізді.