Түркі мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері бас қосты
Елордадағы мерейтойлық саммит қарсаңында Түркі мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері бас қосты.
Жиында сөз алған Мұрат Нұртілеу: «Мемлекет басшылары бүгін Астана актісі мен Декларациясын қабылдап, ұйымның жаңа тарауын ашу үшін жиналып отыр», - деді. Бұл шара Президенттердің ортақ тарих, тіл, мәдениет, дәстүрге жалпы ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастары ұштасатынын айғақтайтынын атап өтті. Кездесу барысында әр мемлекет өкілі сөз сөйлеп, бірқатар құжатқа қол қойды.