Шығыста Алтай және Глубокое аудандарының әкімі сайланады
Шығыс Қазақстанда Алтай және Глубокое аудандарының әкімі сайланады.
Екі ауданда жалпы 5 кандидат тіркелген. Шаһар іргесіндегі Глубокое ауданында 44 сайлау учаскесі бар. Олардың біреуі жабық режімде. Барлық учаскелер таңғы сағат 7.00 ден бастап айқара есік ашты. Тұрғындарға ең жақын сайлау учаскесін анықтауға көмектесетін мобильді қосымша да іске қосылды.
Людмила Захарова, "ДАУЫС" қоғамдық байқаушылар коалициясы филиалының төрағасы:
- Мінеки әкім сайлауы өтіп жатыр. Жергілікті жұрт кандидаттардың сайлау алды бағдарламасымен толық танысты. Енді аймақтың мәселесін шешуге қауқарлы,ауылдың болашағы үшін еңбек етуге лайық азаматты өздері сайлайды. Бұл жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту үшін өте маңызды қадам. Ауданда 13 ауылдық және 4 кенттік округ бар. Жалпы 40 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Қордаланған мәселе де жетерлік. Мысалы Прогресс ауылындағы жұрт өлкенің коммуналдық проблемасы толық шешілсе деген ниетте. Сонымен қатар, жол, инфрақұрылым бойынша да өзекті сұрақ көп.