Қостанай облысында 94 сайлау учаскесі жұмысын бастады
Қостанай облысында таңғы сағат жетіден 94 сайлау учаскесі жұмысын бастады.
Аймақ халқы төрт аудан, бір облыстық маңызы бар қала әкімін таңдайды. Барлығы 15 адам сайлау додасына түсіп отыр. Соның 7 саяси партиялар атынан шықса, 8 өзін өзі ұсынғандар. Мәселен, Федоров ауданында 37 сайлау учаскесі ашылды. Онда мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Халықтың өз таңдауын білдіруіне барлық жағдай жасалған.