Қызылорда облысында 102 жастағы қария дауыс берді
6 кандидат үміткер.
Осы өңірдегі әріптесім Нұрлан Жақыпбеков Сырдария ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінен тікелей эфирге қосылды.
Біз тұрған нөмірі 155-дауыс беру учаскесінде 2 мың 145 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 12 азамат үйден дауыс беруге өтініш берген.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың жартысына жуығы өз таңдауын жасап үлгерді. Таң алакеуімнен сайлау учаскесі ашылмай тұрып алғаш болып таңдау жасауға асыққан азаматтар да аз емес. Солардың бірі 102 жастағы майдангер Яхия Тасыров. Жас буынға үлгі бола білген ғасыр ғұмыр иесінің иығына қазақ дәстүріне сай шапан жабылып, құрмет көрсетілді. 18 жасқа енді толып, алғаш рет дауыс беруге келген жастар да сый-сияпаттан құр қалған жоқ. Жалпы дауыс берушілердің белсенділігі қалай?
- Тұрғындарымыз аудан әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда. Сырдария ауданы саяси науқанда ерекше бірлік танытып, маңызды күннен тыс қалған жоқ. Акредиттелган байқаушылар белгіленген орындарда сайлаудың ашықтығын бақылап, жіті қадағалауда. Қазірге дейін қандай да бір заңбұзушылықтар орын алған жоқ.
Сырдария ауданында 38 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың 22 мыңнан астамы дауыс беруге құқылы. Аудан әкімі лауазымына үш кандидат үміткер ретінде тіркелсе, оның екеуі өзін өзі ұсынған.
Ал бір азамат саяси партия атынан сайлауға қатысуда.