Қызылорда облысында 58 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
Сырдария және Шиелі ауданының әкімі сайланады.
Әр лауазымға үш кандидаттан тіркелген. Сырдария ауданы бойынша 22 мыңнан астам сайлаушы бар. Таңғы сағат 7-ден бастап мұнда 18 дауыс беру учаскесі ашылды. Кейбір учаскелерде алғаш болып таңдау жасаған азаматтарға сыйлықтар үлестірілді.
БЛИЦ:
- Халықтың мүддесі, экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында еңбек етеді, ел үмітін ақтайды деп сенемін.
-Белсенділік көп, белсенділік жоғары. Сәттілік тілейміз.
- Ауданның дамуы үшін, алдағы өзгерістер үшін үлкен үміт күттіреді.