Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық
Осы сапар аясында Мәулен Әшімбаев әріптесі – Біріккен Араб Әмірліктері Федералды Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Сакр Әл-Гобашпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасын талқылады. Сенат төрағасы Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің цифрландыру, инновацияны енгізу, жасанды интеллект сияқты салаларды дамытуға бағытталған заң шығару тәжірибесін зерделеуге мүдделі екенін жеткізді. Ал Сакр Әл-Гобаш Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Кардинал Пьетро Паролинмен де жүздесті. Онда рухани дипломатияны дамытудың маңыздылығы талқыланды. Кездесуге қатысушылар, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалады.