М. Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация БАӘ-ге барды
Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация бүгін Abu Dhabi Global Market халықаралық қаржы орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл ұйым Астана халықаралық қаржы орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Сенаторлар барған тағы бір нысан – «Hub71» технологиялық экожүйе орталығы. Мұнда Біріккен Араб Әмірліктерінің стартап иелеріне қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар қазақстандық делегация «Авраам отбасының үйі» кешеніне барды. Онда үш авраамдық дін – ислам, христиан және иудаизмнің діни ғибадатханалары орналасқан.