Президент Ұлыбританияның мемлекеттік министрін қабылдады

Қазақстан мен Ұлыбританияның тауар айналымы былтыр 60 пайызға артып, 1,8 млрд долларға жетті.

Қазірдің өзінде елде 550-ден астам британдық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганидің кездесуінде мәлім болды. Президент Лондонмен саладағы байланысты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеп, қарсы тараптың да ниетті екенін атап өтті. Өз кезегінде Нусрат Гани екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін жеткізді.