Президент сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл
Мемлекет басшысы тарихи кезеңдегі Қазақстанның даму бағыттарын белгілеп берді. Осы аралықта Үкімет тұғырнама бойынша кешенді жұмыс жүргізді.
"Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым". Қасым-Жомарт Тоқаетың сайлауалды бағдарламасы осылай аталды. Және өз міндетіне кіріскен 1 жыл ішінде Президент бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізді. Мемлекет басшысы ең алдымен саяси модернизацияға тоқталды. Ол үшін Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын конситутциялық реформаға сай жаңа жүйе бойынша сайлауды міндетті. Бұл жаңашылдық билік тармағының төменгі буыны - ауыл-аудан әкімдерін де қамтыды.
Еркебұлан Аманқосов, мемлекет тарихы институтының бөлім жетекшісі:
- Мейлінше инклюзивті, мейлінше ашық институттардың арақсында халықтың саяси шешімдерге қатысу мүмкіндігі зор саяси жүйеде экономиканың да тұрақтығылы, саси жүйенің де тұрақтылығы қалыптасады. Әрбір құқықтық болсын, саяси институттардың болсын барлығының мейлінше дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Және мұны әртүрлі мемлекеттердің дамуынан көруге болады.
Саяси реформалардан бөлек, Президент ел ішіндегі әлеуметтік проблемаларды да елеусіз қалдырмады. Отбасылық жанжалдар ушығып, ақыры адам өліміне әкелген жайттар аз емес. Мемлекет басшысы зорлықтың қандай түріне болмасын қатаң тыйым салынатынын қадап айтты. Президент пәрменінен соң 1 шілдеде арнайы Заң бекітілді. Соның арқасында 27 мыңнан аса құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Ал отбасылық қылмыс саны 4 пайызға төмендеді.
Азамат Құрымбаев, ІІМ комитетінің профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары:
- 1 шілдеден бастап қамауға алу мерзімі ұзартылды. Татуласу рәсімі күштейтілді. Отбасылық жанжал саласында. Сонымен қатар ііо өтініш беру сипатынан анықтау сипатына көшті. Яғни. бұл дегеніміз не? Бұрын полиция қызметкерлі шақырысқа барғанда арыз болмағанлдықтан іс қозғалмайтын. 60 пайызы қараусыз қалды. Қазір шақыртулардың 92 пайызы әкімшілік іс қозғалып сотқа жолданады. Жәбірленушілерге қорғау нұсқамасы шағарылды.
Иә, осындай берекесі қашқан шаңырақта өсіп жатқан көкөрімдердің келешегі алаңдатады. Тәрбие тал бесіктен деп отбасының маңызын қадір тұтқан халықпыз. Дейтұрғанымен, соңғы уақытта жасөспірімдер арасында кемсіту, қорқыту, жәбірлеу сынды небір сұмдықтың белең алғаны жасырын емес.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен Президент Әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырдым. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен мұндай жағдайлардың бәрін тіркеп, маған баяндауы қажет. Білім ошақтарында қылмыстық психологияның таралуы секілді келеңсіздікті түбірімен жою керек.
Мемлекет басшысы Үкіметке балаларды қорғау бойынша кешенді жоспар құруды тапсырды. Ал келер жылдан бастап мектептерде буллинге қарсы арнайы бағдарлама іске қосылады. Сондай-ақ барлық аймақта біртіндеп психологиялық қолдау орталықтары ашылады.
Юлия Овечкина, балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- Біз бірінші кезекте қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтіп жатырмыз. Балалардың құқығын қорғау саласында әрбір жайтты назарға аламыз . Мәселен, балалардың өз өзіне қол жұмсауы, оларды жәбірлеу деректері мен өзге де қылмыс түрлері. Жалпы ел бойынша емес, әр өңір, жекелеген ауыл-аймақ бойынша ахуалды білуі маңызды. Соған байланысты нақты профилактикалық шаларалар қолға алынады.
Мемлекет басшысының жастарға ықыласы алабөтен. Сондықтан өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуын үнемі назарда ұстайды.
Эльмира Отар, әлеуметтанушы:
- Жастарға көп жағдай жасалды. Neet жастар дейді ғой. Neet жастары үшін аумақтарда орталықтар ашылды. 138 орталық ашылды.
Адами капиталды дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша да жыл ішінде атқарылған жұмыс аз емес. Бір ғана халықты әлеуметтік қорғауға қатысты 15 түрлі тапсырма бар. Соның бірсыпарасы биыл көктемде Әлеуметтік кодекс қабылданғанда іске асырыла бастады.
Авторлары: Назерке Тоқжан, Жандос Битабаров